✅ Маңызды сабақ
HANAFI.kz сайты ұстаз Ерсін Әміре әбу Юсуф © ұстаздың парақшасымен бірлесе отырып ұсынады:
МУТАШАБИХ НАССТАРДЫ ДӘЛЕЛ РЕТІНДЕ ҰСТАНУ - БИДҒАТ ИЕЛЕРІНІҢ СИПАТЫ
Әһлу сунна мен Уаһһабилердің арасындағы тартысты мәселелердің бірі - Алла Тағаланың сипаттары туралы баяндалған муташабихат аят-хадистерді түсіну жолы. Мушаббих-мужассимнің бүгінгі ізбасарларының түсінігінше, Алла Тағаланың шынайы екі қолы, бес бестен он саусағы, көзі, аяғы, балтыры т.б мүшелері бар. Әрі, Ол жүреді, жүгіреді, түседі, көтеріледі, сондай-ақ, отыру қасиетіне де ие. Себебі, оны қуаттайтын аят-хадистер бар-мыс. Егер олармен бұл тақырыпта тартысқа түссең, олар саған тура мағынасы "әр-Рахман Аршыға көтерілді", ".. Мен екі Қолыммен жаратқанға сәжде қылуға..." дегенге саятын бірнеше аят-хадистерді дәлелге келтіреді. Тіпті өздерінің форумдарында "Алланың қолы бар екеніне дәлелдер", "Алланың көзі бар екеніне дәлелдер" деген тақырыпшалар ашып, оған негіз ретінде жоғарыдағы тектес аят-хадистерді топтастырған. Осы арқылы, ақидадан түсінігі саяз адамдардың жүректеріне күмән кіргізіп, оларды адасудан қорғалған әһлу суннаның саф түсінігіне ілесуден айнытыуға тырысып жатыр.
Ал, шын мәнінде, Алла Тағаланың сипаттары туралы айтылған муташабих аяттарды дұрыс түсінудің негізгі алтын ережесі қандай, оларды дәлел ретінде қолдануға бола ма, осы тектес сұрақтардың жауабын ұстаз Ерсін Әміренің (хафизаһуллаһ) бұл дәрісінен таба аласыздар.
🔊 Тыңдаймыз және бөлісеміз ↩