ХАНАФИ МӘЗҺАБЫН МЕНСІНБЕЙТІНДЕРГЕ!!!
Төменде ханафи мәзхабының белді ғалымдарының бірі, фақиһ, мухаддис, қазы, тіл маманы Мухиддин әбу Мухаммад Абдулқадир әл-Қурайшидің (Алла оны рақым етсін) (696-775 х.ж) "әл-Джәуәрихул-мудия фии табақатил Ханафия" кітабы көрсетілген.
Ғалым аталмыш кітапта әр ғасырда өмір сүрген ханафи мәзхабының жалпы саны 2976 (!) ұлы ғалымдарының өмірбаянын келтірген. Кітапта білгішсініп, кеуде ұратын кей ақымақтар өмірде мүлдем болмаған адам деп есептейтін имам Матуридидің де (Алла оны рақым етсін) өмірбаяны келтірілген.
Кітаптың осыдан 7 ғасыр бұрын жазылғанын ескерсек, қазіргі таңға дейін жоғарыдағы тізімге енуі бек мүмкін ғалымдардың ұзын саны 10000-нан асып жығылары анық. Бұл тек қаймақтары ғана.
Біздің мәзһабымыздың дәлелдерін әлсіз санап мансұқтайтындарға һәм осыншама ғалымдардың еңбегі мен ізденісін текке шығарып, мәзхабқа еруді соқырлық санайтын келте ақылдыларға айтарымыз:
Бұлар біздің ғалымдарымыз, бізді Құран мен Сүннетке жүз пайыз негізделген шариғат арқылы Жәннатқа бастаушы жолбасшыларымыз. Егер біз – адасқан, ал ақиқатты тапқан топ – тек сендер ғана болсаңдар, онда мықтылықтарың туралы мұрын астынан міңгірлеп, ғалымдарды ғайбаттағанша, осы кісілердің дәрежесімен деңгейлесе алатын тым құрығанда он ұстаздарыңның есімін келтіріңдер! Алайда, сіздерде ілімде мықтылығы мойындалған бірде-бір ғалым жоқ! Ендеше жоқ затты іздеп, әуреленбеңіздер! Себебі, біздің білім иелеріне тең келер ешкім жоқ!
HANAFI.kz | Ханафи бауырлар қауымдастығы