МҰҚИЯТ ОҚЫП, БҰНДАЙ ҰЯТТЫ БАСТАН КЕШІРУДІ БІР ОЙЛАП КӨРІҢІЗ!
Хафиз Ибн Рəжəб айтады:
قال الحسن: فالعبد يذنب ، ثم يتوب ، ويستغفر
يغفر له، ولكن لا يمحاه من كتابه دون أن يقفه عليه، ثم يسأله عنه
«Əл-Хасан былай дейді: «Алланың құлы күнə жасайды, кейін тəубе етеді, күнəларды кешіруші болған Алладан кешірім сұрайды, Ол кешіреді, алайда Алла құлына көрсетіп, ол жайлы сұрамайынша, бұл күнəны оның амал дəптерінен өшірмейді».
ثم بكى الحسن بكاء شديدا، وقال: ولو لم نبك إلا للحياء من ذلك المقام، لكان ينبغي لنا أن نبكي.
Кейін əл-Хасан қатты жылап, былай деді: «Біз бұл жағдайды көргенде ұялғаннан қалай жыламаймыз?!».
Білəл ибн Са'д айтады:
إن الله يغفر الذنوب، ولكن لا يمحوها من الصحيفة حتى يوقفه عليها يوم القيامة وإن تاب
«Расында, Алла күнəларды кешіреді, алайда Өзінің құлына Қиямет күні оларды(күнəсін) көрсетпейінше амал дəптерінен өшірмейді, тіпті құл тəубе етсе де».
وقال أبو هريرة :يدني الله العبد يوم القيامة، فيضع عليه كنفه ،فيستره من الخلائق كلها، ويدفع إليه كتابه في ذلك الستر،فيقول: اقرأ يا ابن آدم كتابك ، فيقرأ ، فيمر بالحسنة فيبيض لها وجهه، ويسر بها قلبه، فيقول الله : أتعرف يا عبدي؟ فيقول : نعم، فيقول: إني قبلتها منك ، فيسجد، فيقول : ارفع رأسك وعد في كتابك، فيمر بالسيئة،فيسود لها وجهه ، ويوجل لها قلبه ، وترتعد منها فرائصه، ويأخذه من الحياء من ربه ما لا يعلمه غيره،فيقول: أتعرف يا عبدي ؟
فيقول: نعم ، يا رب ، فيقول : إني قد غفرتها لك، فيسجد ، فلا يرى منه الخلائق إلا السجود حتى ينادي بعضهم بعضا : طوبى لهذا العبد الذي لم يعص الله قط، ولا يدرون ما قد لقي فيما بينه وبين ربه مما قد وقفه عليه.
Əбу Хурайра (Алла оған разы болсын) жеткізеді:
«Алла Қиямет күні құлын Өзінің алдына жақындатып, оны Өз қамқорлығына алады, басқа барлық жаратылыстардан жасырып, оған өзінің амал дəптерін көрсетеді.
➖ Кейін: «Уа, Адам баласы, өз кітабыңды оқы» - дейді. Ол оқи бастайды жəне жақсы амалдарды көргенде, оған қуанады.
➖ Алла: «Бұларды мойындайсың ба, уа, Менің құлым?» - деп сұрайды. Құл: «Ия» - деп жауап береді.
➖ Кейін Алла: «Расында, Мен сенің бұл амалдарыңды қабыл еттім» - дейді. Құл сəжде жасайды. Содан соң оған басын көтеріп, ары қарай оқуы бұйырылады.
❗Ондағы жаман амалдарын көргенде, түрі қап-қара болып, жүрегінде қорқыныш орнайды, аяқтары дірілдеп, Раббысының құзырында алдын бұлай ешкімнің алдында ұялып көрмеген ұялуды көреді.
➖ Алла: «Уа, Менің құлым, бұларды мойындайсың ба?» - дейді. Құл: «Ия, менің Раббым» - деп жауап береді.
➖ Алла: «Расында сенің бұл күнəларыңды кештім» - дейді.
✅ Ол сəжде жасайды, ал жаратылыстар оның тек қана сəждесін ғана көреді жəне бір-біріне: «Аллаға ешқашан қарсы келмеген құлдың жағдайы» - дейді. Олар Алла мен құлдың арасында не болғанын жəне қандай амалдары көрсетілгенін білмейді».
وقال أبو عثمان النهدي عن سلمان : يعطى الرجل صحيفته يوم القيامة، فيقرأ أعلاها، فإذا سيئاته، فإذا كاد يسوء ظنه، نظر في أسفلها،فإذا حسناته، ثم نظر في أعلاها، فإذا هي قد بدلت حسنات
Əбу Усман Нəhди Сүлейменнен жеткізеді: «Адамға Қиямет күні оның амал дəптері беріледі, ол оның жоғарғы жағын оқиды жəне ондағы өзінің күнəларын көріп, қайғыда болады, кейін төменде өзінің жақсы амалдарын көріп, жоғарыға қайта қараса, оның күнəларын жақсы амалдармен алмастырып қойғанын көреді».
📚 Дереккөз: «Жами' əл-'улуми уал-хикам», 453